​Биыл Шымкентте 21 білім беру нысаны бой көтермек

​Биыл Шымкентте 21 білім беру нысаны бой көтермек

Биыл мегаполисте білім саласында 21 жаңа құрылыс, 11 қосымша құрылыс жұмыстары атқарылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Оның ішінде 13 нысанның құрылысы мемлекет есебінен, 19-ы жеке инвесторлар көмегімен бой көтермек.

Мұрат Дүйсенбекұлы Сайрам тұрғын алабында орналасқан бастауыш он сыныпқа арналған, 120 орындық қосымша құрылыстың барысымен танысты.

Жобаның жалпықұны – 936,1 млн теңгені құраса, бас мердігер «АРТ – Құрылыс» ЖШС өткен жылы 330,0 млн теңгені игерген. Құрылыс өткенжылдың наурыз айында басталған болатын.

2021 жылға қаралған қаржы – 606,1 млн теңге. Мердігер компания құрылысты биыл шілде айында аяқтауды жоспарлап отыр. Бүгінде жер жұмыстары, бетон асты табаны, ірге тас, сыртқы инженерлік желілер, т.б., жұмыстар 100 пайыз орындалды.

Құрылысты сапалы жүргізуде халықаралық стандарттарды үйрену – заман талабы. Мектеп ауласын толық асфальттау, газон, тас төсеніш төсеу және спорт залдың желдету жүйесіне аса көңіл бөлу қажет. Құрылыс алаңына кіріп-шығып жүрген техникалардың да тазалығына мән беру керек, – деді қала әкімі.

Қала әкімі мердігер мекеме басшыларына мектеп аумағының абаттандырылуына, газон, тас төсеніш төсеуге жіті мән беру керектігін міндеттеді.

Сондай-ақ, шаһар басшысы құрылысты аралау барысында жергілікті тұрғындармен кездесіп, мердігердің жұмысты сапалы атқаруын бірлесе бақылауға шақырды.