​Биыл Шымкентте 248,8 шақырым жол пайдалануға беріледі – Исахов

​Биыл Шымкентте 248,8 шақырым жол пайдалануға беріледі – Исахов

Бұл туралы қала әкімінің орынбасары М.Исахов мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Спикердің айтуынша, шаһарда биыл 168 нысанда - 295,3 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жыл соңына дейін 155 нысан немесе 248,8 шақырым пайдалануға беріледі.

- Жол жөндеуде ішкі орам және шалғайдағы елді мекендердегі көшелерге басымдық берілген. 168 нысанның жетісі ғана ірі магистраль жол, қалғаны қала іргесіндегі көшелер. Бұл көшелердің көбіне бірінші рет асфальт төселіп жатыр. Ал ең үлкен құрылыс нысандарымыздан Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысын қазан айында тапсыруды жоспарлап отырмыз, - деді М. Исахов бүгінгі өткен баспасөз мәжілісінде.

Еркін форматта өткен баспасөз жиынында Мақсұт Пернебайұлы өзі жетекшілік ететін орта сапасы және бақылау басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, еңбек инспекциясы басқармасы, туризм және сыртқы байланыстар басқармасы және цифрландыру басқармасының басшыларымен бірге салада атқарылып жақтан жұмыстарды баяндады.

Фото: ашық дереккөз