Биыл Шымкентте 253,1 шақырым жол жөндеуден өтеді

Биыл Шымкентте 253,1 шақырым жол жөндеуден өтеді

Биыл Шымкентте автомобиль жолдарын жақсартуға 43,5 млрд теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ержан Жолдасов мәлімдеді.

Шымкент қаласында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2 976,6 шақырым.

Басқарма басшысының айтуынша, осы жылы қалада құрылыс-монтаж жұмыстары қарқынды жүргізіледі. Жалпы 253,1 шақырым жол жөндеуден өтеді. Оның 226,3 шақырымы биыл пайдалануға беріледі. Ал 26,8 шақырым жол келер жылға өтпелі.

Биыл 138,8 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жыл соңында жөндеуден өткен жолдар пайдалануға беріледі.

Е.Жолдасовтың айтуынша, құрылысы жүріп жатқан жолдарға 4,4 млрд. теңге қаржы қаралған. Оның 1,2 млрд.теңгесі ендігі игеріліп қойған.

Автомобиль жолын қайта құрудың І кезеңі бойынша 2021 жылға дейін 1,0 млрд. теңге игерілген. Бүгінге дейін жер жұмыстары, жол негіздерін төсеу, жол жамылғысын салу, кәріз жүйесін ауыстыру, аяқжол салу, жарықшам бағаналарын, арық жүйелерін орнату жұмыстары орындалды.

Құрылыстың ІІ кезеңі бойынша биыл 164,8 млн. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда жер, жол негіздерін салу жұмыстары атқарылды.

Ал ІІІ кезең бойынша осы жылға 220 млн. теңге қарастырылып, бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Аталған кезеңде мемлекеттік мұқтаждыққа 90 учаске алынуы қажет.

Фото: ашық дереккөз