Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар білім және әлеуметтік нысандардың құрылысымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қала әкімі алдымен Тоғыс тұрғын алабында орналасқан №120 жалпы орта мектептің қосымша 300 орындық оқу корпусының құрылысын бақылады.
2019 жылы қазан айында басталған мектеп құрылысын биыл шілде айында аяқтау жоспарланған.
Айта кетейік, биыл қаладағы 32 білім беру нысанының құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Фото: Береке Сейітжаппар