Биыл Шымкентте 4 мектеп пайдалануға беріледі

Биыл Шымкентте 4 мектеп пайдалануға беріледі

Шымкент қаласында өткен жылдан өтпелі 1920 орындық 4 мектептің құрылысы жалғасып жатыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Атап айтқанда:

- Тұран шағын ауданында 1200 орындық мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме - «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-ы. Бүгінгі таңда қыш қалау жұмыстары – 100%, плита жабындары – 95%, шатыр жабыны – 75%, әрлеу жұмыстары – 55%-ға орындалды. Құрылыс жұмыстары толығымен шілде айында аяқталады.

- Тоғыс тұрғын алабындағы №120 мектепке 300 орындық қосымша ғимарат салынуда. Нысанның құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме - «Жана Арна 2002» ЖШС-ы. Нысанда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 75%, шатыр – 30%, әрлеу жұмыстары – 45%-ға орындалды.

- Сайрам тұрғын алабындағы 300 оқушыға арналған қосымша мектептің құрылысы 2019 жылы басталған. Мердігер мекеме - «Жана Арна 2002» ЖШС-ы. Нысанда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 70%, шатыр – 25%, әрлеу жұмыстары – 40%-ға орындалды.

- Сайрам тұрғын алабындағы 120 оқушыға арналған қосымша мектептің құрылысы өткен жылы басталған. Мердігер мекеме - «А.Р.Т.-Құрылыс» ЖШС-ы. Онда қыш қалау жұмыстары – 80%, плита жабындары – 70%, шатыр жабыны – 60%, әрлеу жұмыстары – 35%-ға орындалды.

Аталған білім ошақтары жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.