Биыл елімізде «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылады. Осы бағдарлама аясында ЭКО-ға квота санын 7 есеге дейін ұлғайту жоспарлануда, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасы жанынан құрылған арнайы комиссия шешімімен өткен жылы ЭКО жасатуға 64 квота бөлінген болатын.
Басқарманың мәліметінше, бүгінде кезекте 400-ге жуық әйел бар. Оның басым бөлігі өткен жылы өтініш берген.
Айта кетейік, ЭКО жасайтын медициналық ұйымды азаматшаның өзі таңдайды. Сол жерде тексеруден өтіп, процедураға жіберіледі.
Фото: ашық дереккөз