Биыл Тұранда 6 көше пайдалануға беріледі

Биыл Тұранда 6 көше пайдалануға беріледі

Шымкенттің Солтүстік-Шығыс бөлігіндегі «Тұран» шағынауданында №1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,13 көшелердің құрылыс жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Құрылыс жобасына сәйкес, автомабиль жолмен бірге жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол, веложолдың сызбасы да енгізілген.

Осы жылдың соңына дейін №1,2,6,7,8,10 көшелердің құрылыс жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр.Ал 3,4,5,9,11,12,13 көшелердің құрылысы 2022 жылға өтпелі

Биыл пайдалануға берілетін №2 көшенің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Отау строй» тарапынан атқарылуда. Қазіргі уақыта жасалынып жатқан жұмыстардың 80%-ы аяқталған.

Ал «Ақжол» ЖШС тарапынан құрылысы жүріп жатқан №10 көшенің де 60% жұмысы орындалған. Жыл соңына дейін 6 көшенің құрылысы аяқталады.