«Бизнес Бастау»: 600 адам мемлекеттік грантқа ие болды

«Бизнес Бастау»: 600 адам мемлекеттік грантқа ие болды

Шымкентте биыл Жұмыспен қамту орталығы арқылы 1900 азамат «Бизнес бастау» оқу курсына жолдама алып, 600 адам мемлекеттік грантқа ие болды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Грант жеңімпаздарының бірі Гүлжазира Рысқұлова оқырманға өз жетістігімен бөлісті.

Кәсіпкер өткен жылдың шілдесінде 21 күндік «Бизнес бастау» оқу курсын аяқтап, сертификат алған. Ендігі мақсаты мемлекет ұсынған грантқа қол жеткізіп, кәсібін дамыту. Г.Рысқұлова комиссияға «Жиһаз жасау ісі» жөнінде жобасын ұсынды. Кейіпкеріміздің жобасы мақұлданып, 200 АЕК көлемінде мемлекеттік грантқа ие болды.


Бұл қаражатқа жиһаз жасауға арналған керекті құрал-жабдықтарын сатып алып, бүгінде замануи үлгідегі үй бұйымдарын жасауда. Қазіргі таңда қала халқының саны өсуіне, жаңа үйлердің көптеп салынуына байланысты жиһазға деген сұраныс көп.


– Өзім төрт баланың анасымын. Мақсатым өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, оларды еңбек пен кәсіпке баулығым келеді. Ол үшін әуелі біз-ата аналар үлгі көрсетуіміз керек. Сондықтан да мен қазіргі жетістігіммен шектелмей, алдағы уақытта шағын шеберханамды әрмен қарай дамытуды жоспарлап отырмыз, - дейді кейіәпкеріміз.

Айта кетсек, өткен жылы бағдарлама шеңберінде 4 828 адам қайтарымсыз грантқа қол жеткізіп, 2 820 азамат Бастау бизнес» жобасы арқылы білім алған.