Бокстан Азия чемпионаты Үндістанда өтеді

Бокстан Азия чемпионаты Үндістанда өтеді

Бокстан 2021 жылғы Азия чемпионаты Үндістан астанасы - Нью-Дели қаласында өтеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл жөнінде Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.

Құрлықтық дода 21-31 мамыр аралығында болады. Бұл биылғы жылғы басты оқиғаның біріне айналмақ.

Айта кетейік, сары құрлықтың былғары қолғап шеберлері 2019 жылы Таиланд астанасы – Бангкок қаласында ұйымдастырылды. Аталған турнир жарысқа келген спортшылар және қатысушы мемлекеттер саны жөнінен жаңа рекорд орнатқан болатын. Оған барлығы 34 елден 304 боксшы келді. Олардың арасында 112-сі әйелдер, 192-сі ерлер арасында бақ сынады