​Бокстан ел біріншілігінде шымкенттік спортшылар жеңімпаз атанды

​Бокстан ел біріншілігінде шымкенттік спортшылар жеңімпаз атанды

17-24 қаңтар аралығында Алматы қаласында бокстан жастар арасында ҚР чемпионаты өтті, деп хабарлайды shymkentaqparat

Бұл сайыста Шымкент қаласының қоржынында 3 медаль бар. 52 келіде Жандос Жұмабаев алтыннан алқа тағынса, 64 келіде Абзал Серік пен 81 келіде Дәурен Мамыр күміс жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, еліміздің әр өңірінен жиналған шаршы алаң шеберлері бірнеше күн бойы жұдырықтасып, 46 келі, 49 келі, 52 келі, 56 келі, 60 келі, 64 келі, 69 келі, 75 келі, 81 келі, 91 келі және +91 келі салмақ дәрежелерінің жүлделерін сарапқа салды.

Шымкент қаласынан әртүрлі салмақ бойынша 14 спортшы бақ сынады.

Фото: ашық дереккөз