Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Шымкент қаласында 2021 жылдың 17 қыркүйек күні «Арбат» алаңында сағат 10.00-18.00-ге дейін жұмыссыз жастарға арналған «Мүмкіндіктер алаңы» бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді.

Іс-шараның мақсаты – қаланың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының түлектері, жалпы 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жүрген жастарды нәтижелі әрі тұрақты жұмыспен қамту, жұмыс беруші мекемелер қажетті мамандар таңдауларына, ал жұмыс іздеушілерге жұмысқа орналасуларына мүмкіндік беру және кеңес алу.

Жәрмеңкеге 50-ге жуық жұмыс беруші мекемелер қатысып, 9000-ға жуық медициналық, техникалық, педагогикалық, жеңіл өнеркәсіп және қызмет көрсету салалары бойынша тұрақты және уақытша бос жұмыс орындары ұсынылады.

Қала жастарына «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» бағыттары бойынша ақылы жұмыстар да ұсынылады. Жоғары оқу орындары мен колледж түлектері үшін жастар бағдарламасынан бөлек, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарға кәсіби оқыту курстары туралы мәлімет беріледі.

Сондай-ақ, іс-шара аясында қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, жұмыспен қамту орталығы мамандарынан кеңес (түйіндеме құрастыру үлгісі, ЭЦҚ кілтін ашу және enbek.kz порталын пайдалану мүмкіндіктері және т.б.) ала аласыз.