ҰБТ-ның І кезеңі аяқталды

ҰБТ-ның І кезеңі аяқталды

Шымкентте 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпта 9 342 оқушы білім алуда. Оның ішінде 6 973 тест тапсыруға тіркелген, деп хабарлайды Shymkentaqparat

І-кезең – 10 наурыз – 10 сәуір аралығында өтті, яғни жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге, 1 мүмкіндікте 2 371 түлек бағын сынады. Ал, екінші кезең - білім беру гранттарын тағайындау конкурсы 15 сәуір – 30 маусым аралығында өтеді.

ҰБТ тапсыратын орындарға арнайы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет орталығынан келісім алынды. Онда медициналық пункттер ашумен қатар, жылдамдығы жоғары интернет арқылы онлайн трансляция жасалды.

Өткен жылдан бері тестілеу нәтижесін оқушының өзі ғана ЖСН арқылы білуіне мүмкіндік бар.