Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов Еңбекші ауданының жастарымен еркін форматта кездесті.
Кездесудің мақсаты - цифрлық сауаттылық бойынша жастарға кеңінен ақпарат беру.
Жиын барысында басқарма басшысы жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, «Болашақ» бағдарламасында алған білімі мен қызмет жолындағы тәжірибесімен бөлісті.
Еске салайық, өткен жылы басқарманың ұйымдастыруымен қала тұрғындарының цифрлық сауаттылықтарын арттыру мақсатында IT- тренерлер арқылы 24 мыңнан астам тұрғынға онлайн режимде ақысыз білім берілген болатын.
Алдағы уақытта да жоба өз жалғасын табатын болады.