Қазақстандық NERO GROUP компаниясы Шымкент қаласында коммуналдық қызметтердің ашықтығы мен тиімділігін арттыру мақсатында заманауи цифрлық технологияларды енгізу бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Компания энергетика саласында жаңа цифрлық құралдар мен жүйелерді ұсынды, олар жылу, су, газ және электр энергиясын есепке алуға арналған.
Отандық өнім ретінде таныстырылған құрылғылар қалалық инфрақұрылымға кезең-кезеңімен енгізілмек. Бұл цифрлық есептеу құралдары тұтыну деректерін нақты тіркеуге, энергия ресурстарын тиімді пайдалануға және шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Жоспар бойынша, есептеу жүйелерін толық цифрландыру, деректерді қашықтықтан басқару және мониторинг жүргізу, тұрғындармен өзара есеп айырысуды автоматтандыру мақсатында пилоттық жобалар жүзеге асырылмақ.
Бұл бастама «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында коммуналдық қызметтерді басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді деп күтілуде.