Covid-19: Әйтенов баяндама жасады

Covid-19: Әйтенов баяндама жасады

Бүгін кеңейтілген Үкімет отырысында Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы эпидахуал жөнінде баяндама жасады, деп хабарлайды Shymkentaqparat қала әкімдігінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Мұрат Дүйсенбекұлының мәліметінше, шаһарда пандемия басталғалы 10 931 жағдай тіркелген. Оның 9 528-і емделіп шықса, 55 адам індеттен қайтыс болған.

Соңғы тәулікте КВИ жұқтырған 30 жағдай тіркелді. Оның 24 симптомды, 6 симптомсыз.

– Соңғы 14 тәулікте «COVID-19» жұқтырған науқастармен қатынаста болған 2 620 азамат амбулаторлық бақылауға алынды. Қалада 1 тәулікте 6 200 тест тапсыруға мүмкіндік беретін 11 ПТР зертханасы бар. Бүгінге дейін қалада жалпы 405 702 ПТР тест өткізілді. Ал өткен тәулікте 685 ПТР тест жасалды, - деді қала әкімі өз баяндамасында.

Сонымен бірге шаһар басшысы қалада инфекциялық стационарда 1 406 төсек-орын қаралғанын айтып өтті. Бүгінде орын толымдылығы 48% құрайды. Жаңсақтау бөлімінде 159 төсек орын қаралса, қазір мұнда 76 азамат ем қабылдауда. Ал эпидахуал күрделенген жағдайда, мегаполисте төсек-орын санын 5 416-ға жеткізуге толық мүмкіндік бар.