ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК 2021 жылғы 26 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Қызыл» аймақта екі мегаполис: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
«Сары» аймақта тек Қарағанды облысы ғана, ал қалған өңірлер «жасыл» аймақта.
Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуал бойынша үшінші мегаполис «жасыл» аймақта тұр. Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәлімдеуінше, қазіргі таңда қалада 1060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 904 төсек-орын бос. Жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 156 науқас ем қабылдауда.
Өткен тәулікте 7 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болса, тиісінше 11 адам емделіп шықты.