COVID-19: Қазақстан «сары» аймақта

COVID-19: Қазақстан «сары» аймақта

Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 20 пайызға төмендеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

- Қазіргі уақытта вирус жұқтырғандардың төмендеуіне қатысты оң динамика байқалады және эпидемиологиялық ахуал біртіндеп тұрақталып келе жатыр. Мәселен, соңғы 2 аптада оған дейінгі екі аптамен салыстырғанда науқастану көрсеткіші 20 пайызға азайды, - деді министр.

Министрдің дерегінше, әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан коронавируспен ауыру көрсеткіші бойынша 221 елінің ішінде 105-орында, ал өлім-жітім бойынша 106-орында тұр.

- 18 мамырдағы деректерге сәйкес Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтиижесімен 362 030, теріс нәтижесімен 54 153 науқас тіркелген. Қазақстан «сары» аймақта тұр. «Қызыл» аймақта 6 өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды және Атырау облыстары кіреді. «Сары» аймақта мына 5 өңір тұр: Ақтөбе, Алматы, Павлодар, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы. Ал қалған 6 өңір «жасыл» аймақта, - деді Алексей Цой.

18 мамырдағы жағдайға сәйкес, өңірлерде инфекциялық төсек-орындардың толымдылығы 36, ал реанимациялық төсек-орындардың толымдылығы 28 пайызды құрап отыр.