ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде 5 ақпандағы эпидахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап
Бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның үш облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары. Кеше «қызыл» аймақта болған Батыс Қазақстан бүгін «сары» аймаққа өтті.
Қазіргі таңда «Сары» аймақта Батыс Қазақстанмен қатар, Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды облыстары бар. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта. Матрица жалпы Қазақстанның «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетті.
Кеше ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа Қаулысы жарияланған болатын.
Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.
Айта кетейік, Шымкент қаласында өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 9 жағдай тіркелді (5 ақпандағы жағдай). Жалпы қалалық жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 164 науқас ем қабылдауда.
Фото: ашық дереккөз