Денсаулық сақтау министрлігі 2 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Ақпан айының алғашқы күндеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 4 облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары.
Ал Атырау, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы «сары» аймақта орналасқан. Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.
Шымкентте эпидемиологиялық жағдай тұрақты, «жасыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте қалада 9 адамнан COVID-19 анықталған. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Жалпы 2020 жылдың 24 наурызынан 2021 жылдың 2 ақпанына дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 876 жағдайы тіркелді. Оның 5 386-сы емделіп шықты.