ДЕМПИНГ ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ

ДЕМПИНГ ОТАНДЫҚ ӨНДІРІСТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Respublica» партиясы фракциясының мүшесі Руслан Берденовтің Шымкент қаласына іс-сапары жалғасып жатыр. Бүгін депутат «BAL TEKSTIL» кәсіпорнына барып, серіктестіктің басшылығы және ұжымымен кездесті.

«BAL TEKSTIL» ЖШС кілем және кілем бұйымдарын өндіретін алғашқы қазақстандық зауыт, Орталық Азиядағы ірі кілем фабрикаларының бірі. Фабрика 2013 жылы Шымкент қаласында құрылған. Кәсіпорынның орташа жалақысы 130 мың теңгені құрайды. Бүгінде қызметкерлер саны шамамен 500 адамды құрайды. Жылына 7 млн. ш.м. кілем және 4 мың тонна полипропилен жіптерін өндіреді.

Кездесуде кәсіпкерлер отандық өндірістің дамуына шетелдік компаниялардың демпинге баруы кедергі екенін жеткізді. Жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлер ішкі өнімді қорғау және қолдау мақсатында заң аясында көмек сұрайды.

Бүгінде бүкіл бір саланы тежеп тұрғандықтан бизнесмендер Руслан Берденовке бұл мәселені мәжіліс мінберінен көтеруді сұрады. Депутат өз кезегінде кәсіпкерлердің ұсыныстарын жіті бақылауына алатынын жеткізді. 

«Шымкент келбеті»