«Golden» бейнебаянының премьерасы 31 қаңтарда бис-тегі «DIMASH DIGITAL SHOW» онлайн-концертінің финалдық көрсетілімінен кейін бірден TIXR стримингтік платформасында өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бейнероликтің режиссері – New York Film Academy-де білім алған, қазақстандық және ресейлік жобаларда тәжірибесі бар Олжас Баялбаев.
Сарапшы мамандардың айтуынша, композицияда киберпанк стиліндегі сурет пен арнайы эффектілер және сюжеттік желі бойынша жаңа форматта жасалған.
Айта кетейік, "Golden" композициясын Spotify, Amazon Music, iTunes, YouTube Music, Deezer, Yandex және басқа да музыкалық платформаларда тыңдауға және сатып алуға болады.