Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы арзандады.
Таңғы сауда-саттық мәліметтеріне қарағанда, доллар бағамы 6 қаңтардың кешімен салыстырғанда 0,10 теңгеге құлдырап, 1 доллары 418,83 теңгені құраған.
Ұлттық банктің 8 қаңтардағы ресми бағамы: 1 доллар – 418,94 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Шымкенттегі ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы – 420,5 теңге, сатып алу – 419,5 теңге.