Жеңіл атлетика спорт кешенінде ҚР еңбек сіңірген спорт шебері О.Сакиркинді еске алуға арналған жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтіп жатыр. Бүгін
жарыстың салтанатты ашылу рәсімі ұйымдастырылып, командалар сап түзеді.
Дәстүрлі республикалық жарыста еліміздің барлық аймағынан жалпы саны 200-ден астам спортшы бақ сынауда. Бәсеке 10-11 желтоқсан аралығына жоспарланған.
Жарыс О.Сакиркинді еске алуға, жеңіл атлетиканы насихаттауға, спортшылардың шеберлігін арттыруға және құрама команданы жасақтауға бағытталған.
Олег Сакиркин — жеңіл атлетика спортында жоғары нәтижелер көрсеткен, ұзақ жылдар бойы еңбек еткен белгілі спорт маманы. Азия ойындарының екі дүркін чемпионы. Ол көптеген дарынды спортшыларды тәрбиелеп, өңірімізде жеңіл атлетиканың дамуына зор үлес қосты. Дәстүрлі турнирде қаншама дарынды жастар өз әлеуетін танытып келеді.
Бүгінгі Іс-шарада қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов жарысты ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
2008-2009 жылы туған жасөспірімдер арасында сайыстың алғашқы күнгі үздіктері анықталды. Жарыс ертең мәресіне жетеді.
Атап айтқанда, ұлдар және қыздар 60 м, 200 м, 400 м, 800 м, 1500 м, 3000 м, 60 м кедергілер, 2000 м тосқауыл, биіктікке, ұзындыққа, үш қарғып секіру, ядро лақтыру, 3000 м спорттық жүріс, 4×200 м эстафета бойынша жүлделерді сарапқа салады.
«Шымкент келбеті»