Еңбек қатынастары бойынша мәселеңіз бар ма?

Еңбек қатынастары бойынша мәселеңіз бар ма?

ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ!

Егер сізде жұмыс жасайтын мекемеңізге не жұмыс беруші бойынша

  • Өндірістердегі еңбек қауіпсіздігі
  • Өндірістерде болған жазатайым оқиғалар
  • Жұмыс орындарының қысқаруы
  • Кәсіпорындардағы мүмкін еңбек ақы қарыздары
  • Жұмысберушілердің жұмыскерлерді еңбек шартынсыз жұмысқа тартуы
  • 16 жасқа толмаған балаларды заңсыз жұмысқа тарту
  • және тағы басқа да мәселелер бойынша хабармаларыңыз/шағымдар мен арыздарыңыз болса, Шымкент қаласы әкімдігінің БІРЫҢҒАЙ байланыс @ikomek109.shymkent орталығының 5 байланыс тәсілдері арқылы хабарлай аласыздар.

    Арыздар РЕСМИ және ИЕСІ БҮРКЕМЕЛЕНГЕН (анонимно) түрде де хабарламаларды қабылдап, заңға сәйкес шаралар қолданылады.

    @ikomek109.shymkent орталығының операторлары тұрғындардан өтінімдерді 24/7 мына байланыс арналары арқылы қабылдайды:

    1. Қалалық және мобильді телефондардан 109 бірыңғай нөмеріне тегін қоңырау шалу;

    2. What’s App +7 7777 109 109 нөміріне хабарлама жазу;

    3. Instagram @ikomek109.shymkent парақшасына жекеге жазу;

    4. Facebook IKomek Shymkent парақшасына жекеге жазу;

    5. @shymkentonlinekz_bot Telegram-bot арқылы.