Қазақстан Үкіметінің қаулысымен Ержан Біржанов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы ҚР премьер-Министрінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан облысындағы Салық комитетінің жергілікті салықтар секторының аға салық инспекторы болып бастаған. 1999 жылдан 2004 жылға дейін СҚО бойынша Салық комитетінде жұмыс істеді.⠀
2004 жылдан 2014 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.
2014 жылғы наурыз-қараша аралығында ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің сарапшысы болған.
2014 жылғы қарашадан бастап 2017 жылға дейін ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Даму және жаңғырту департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
2017 жылғы қаңтардан наурызға дейін – «КазимпэксРеспубликалық орталығы»Акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
2017-2018 жылдары - ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті департаментінің басшысы болған.
2018 жылдан бастап 2020 жылдың сәуіріне дейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Мемлекеттік техникалық қызметі» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры болып жұмыс істеді.
2020 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің жұмысын бақылау және үйлестіру департаментінің басшысы лауазымын атқарды.