Қала әкімі Мұрат Әйтенов тиісті сала басшыларына 2 мың халқы бар Елтай тұрғын алабындағы мектептерді күрделі жөндеуден өткізуін тапсырды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
– Биыл Еңбекші ауданына 12 млрд. теңге қаржы бөлінді.Бұл қаражатқа аудандағы 36 мектепті күрделі жөндеуден өткізіп, бір мектепке қосымша ғимарат салынады. Жол инфрақұрылымында да ірі жобалар жүзеге асырылады. Оның ішінде Ж.Адырбеков көшесінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған, - деді Мұрат Дүйсенбекұлы.
Қаладағы өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешу мақсатында аудандардың 5 жылдық даму жоспары әзірленді. Қаладағы коммуналдық салаға енгізілген реформаға сәйкес осы жылдан бастап абаттандыру мен көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстары тиісті аудан әкімдіктеріне бекітілді.