«Еgemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы ауысты

«Еgemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы ауысты

Республикалық «Еgemen Qazaqstan» газетінің бас редакторы болып журналист Ғабит Мүсіреп тағайындалды, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап


Ғабит Іскендерұлы Мүсіреп Қа­рақалпақстанның Тақтакөпір ауда­нында дүниеге келген. Әл-Фара­би атындағы Қазақ Ұлттық универ­ситетінің журналистика фа­куль­тетін тәмамдаған.

Ең алғашқы еңбек жолын (1992 жылдан, V курстан бастап) «Егемен Қазақстан» жалпы­ұлттық республикалық газе­тінен бастаған. Аталған басылымда тілші, аға тілші, шолушы, бөлім мең­герушісі, бас редактордың орынбасары қыз­меттерін атқарды.

Қазірге дейін «Нұр Астана» рес­пуб­ликалық жастар апталығының бас редакторы болып қызмет етті.

«Рухыңды түсірме, ұлым!» (2010 жыл) атты публицис­ти­ка­лық шығармалар жинағы жарық көрген. Журналистика саласындағы жемісті еңбегі үшін «Дарын» мемле­кеттік жас­тар сыйлығына ие болды.

Ал, «Еgemen Qazaqstan» газетінің бас редакторының орынбасары болып, ҚР Парламенті Мәжілісінің экс-депутаты Кәрібай Мұсырман тағайындалды.

1957 жылы бұрынғы Көкшетау, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Дәуқара ауылында дүниеге келген. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1973 жылы Володар элеваторының жұмысшысы болып бастаған. 1981-1985 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық «Ленин туы» газетінің тілшісі, Жамбыл және Преснов аудандары бойынша меншікті тілшісі.

1985-1990 жылдары – Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің Щучье және Еңбекшілдер аудандары бойынша меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, редакторы орынбасарының міндетін атқарушы.

1992-1997 жылдары – Көкшетау облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы.

1997-2007 жылдары – Солтүстік Қазақстан облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының бірінші орынбасары, төрағасы.

2007-2016 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Қызылжар – Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, бас редакторы.

2016 жылғы 24 наурыздан 2021 жылға дейін – VІ шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.