«ЭКО-ФАРМ» ЖШС - медициналық қорғаныс киімдерін, бір реттік және көп рет қолданылатын медициналық дәке бетпердесін шығарады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
2017 жылы өз жұмысын бастаған өндіріс орны былтыр бір рет қолдануға арналған қорғаныс жиынтығы бойынша айына 100 мыңнан астам дайын өнім шығарған. Компанияда 140-тан астам адам жұмыс істейді. Зауыттың 10 қоймасы және Қазақстанның бірнеше қаласында филиалы бар.
Зауыт өткен жылы айналым қаражатын толтыру үшін «Даму» Қорынан жеңілдетілген несие алған. «АТФБанк» АҚ жобаны қарастыра отырып, 14,5 %-бен қаржыландырды. Оның 8,5 %-ын «Даму» Қоры субсидиялауда.
Қысқа уақыт ішінде медициналық өнімдер оң бағалануда және сұранысқа ие. Зауыт еңбек нарығын төмендететін және аллергия туғызбайтын заманауи, жоғары сапалы медициналық өнімдер шығару желісін кеңейтуде.