Экологиялық полиция 13 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтаған

Экологиялық полиция 13 мыңнан астам заңбұзушылықты анықтаған

Шымкентте тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында экополицей құрылған болатын. Бүгінде әр ауданға 4 маманнан бекітілген. Жыл соңына дейін мамандар санын 10-ға жеткізу жоспарланған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Тазалыққа бақылау жүргізуші мамандар тұрғындар шағымын дер кезінде назар аудару үшін месенджерлер арқылы топ құрып, оған белсенді азаматтар, үй тұрғындары мен үй төрайымдарын, блогерлерді енгізген.

Мұнан бөлек қалада жыл басынан қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тазалыққа бағытталған «Шымкент-Таза қала» атты айлық өтті. Тәртіп сақшылары 4 айда 13 312 экологиялық құқық бұзушылықты анықтаған. Әкімшілік кодекстің 434-2 бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) -1 927, 505-бап (абаттандыру қағидаларын бұзу) бойынша -3 661 тұлғаға хаттама толтырылды.

Сонымен бірге патрульдік полиция жол жабындысын ластаған 7 724 жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты әкімшілік шаралар қабылдаған.