19 тамызда экология және табиғи ресурстар министрі З. Б. Сүлейменова мен бизнес қоғамдастықтың қатысуымен Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің кеңейтілген отырысы өтті.
Іс-шараға ATAMEKEN, KAZENERGY, AMMP, Kea және басқалары сияқты өнеркәсіптік қауымдастықтар қатысты. Бизнес жағынан: ірі мұнай-газ өндіруші, тау-кен металлургиялық, энергетикалық компаниялар.
Кездесу диалог форматында өтті, онда экологиялық заңнаманың жаңалықтары мен болашаққа жоспарлар бөлігіндегі проблемалық мәселелер талқыланды.
Отырыс шеңберінде Комитет төрағасы Жомарт Әлиев Комитеттің 1 жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысын шығарды:
- еліміздің ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының шығарындыларын азайту жөніндегі жоспар бекітілді, онда 2029 жылға қарай 323,6 мың тоннаға төмендету көзделген;
- өңірлердің экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша 485 іс-шараны іске асыру көзделген Жол карталары өзектендірілді;
- экология департаменттерінің экологиялық инспекциясы 312 тексеру жүргізді, 666 бұзушылық анықталды, жалпы сомасы 7,4 млрд. теңгеге 868 әкімшілік айыппұл салынды;
- өндірістік экологиялық бақылауды автоматтандыру, сондай-ақ ірі өнеркәсіптік объектілер көздерінде мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде. Барлығы 91 компания орнатуға жатады;
- анықталған рұқсат етілмеген полигондар санының азаю үрдісі байқалады. Егер өткен жылы 4827 полигон анықталса, биыл бұл көрсеткіш 3822 болды. Бұл ретте оларды жою бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан жұмыстың жеткіліксіздігі байқалады, бүгінгі күні 28% немесе 1073 объект жойылды;
- қолданыстағы Экологиялық кодекске ҚОӘБ қамту саласын айқындау туралы қорытындылар беру мерзімдерін қысқарту, қоғамдық тыңдаулар өткізу рәсімдеріне өзгерістер енгізу бөлігінде түзетулер енгізілді.