ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мұрат Әйтенов Шымкент қаласы әкімі лауазымына қайта тағайындалды. Қазақта «өткелде ат ауыстырмайды» деген аталы сөз бар. Соған салсақ, қалада М.Әйтенов қолға алып, орындалуын күтіп жатқан шаруалар шаш етектен еді.
Мәселен, жыл басынан бері қала әкімі мегаполистегі барлық 72 елдімекенді аралап, өзекті деген 374 мәселені күн тәртібіне шығарды. Ол дегеніңіз, жеке біреудің жеке мәселесі емес, тұтас ауылдардың инфрақұрылымы, су, электр жарығын тарту, жолайырық салу сияқты шетін мәселелер болатын. Осындағы әрбір іске хаттама толтырылып, тиісті орындардың, аудан әкімдерінің орындау мерзімі көрсетілді. Қалаға қоңсы аудандардан қосылған елді мекендер көп. Кешеге дейін азын-аулақ малын ауыл іргесіндегі жерге айдап салып, қойын құрттап айранын үріп ішіп отырған сол ауылдар аяқ астынан қалалық болғаннан кейін проблемалары көбейіп кеткен. Мын сан мәселелерінің біртіндеп шешіліп жатқанына қуанышты болып жүрген елді мекендер халқы ҚР Президентінің Жарлығын қуана қабылдады десе де болады.
Бұл елді мекендердің орнымен іске асыра болса, әлеуеті үлкен. Мемлекет Басшысы сенім білдіргендей шағын және орта кәсіпті өркендетіп, өзін ғана емес қаланы да сапалы әрі арзан азық-түлікпен қамтуға әбден қауқарлы.
«Соңғы 4 жыл ішінде қалаға 1,5 трлн.теңгеден астам инвестиция тартылды. Алдағы 5 жылда 6 трлн. теңгеге жеткізуді көздеп отырмыз. Бұл бағытта нақты жоспарымыз бар. Инвесторларға барлық жағдай жасау біздің басты мақсатымыз»,-деді қала әкімі.