Шымкенттегі орталықтандырылған балалар кітапхана жүйесіне қарасты №6 кітапхана бөлімшесінде ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заңымыз – елдігіміздің асыл тірегі» атты кеш өтті. Жиынға «Бал Дариға» бөбекжай бақшасы «Жұлдыз» ересек тобыныңбөбектері мен жетекшілері – Айжан Амантаева, Салтанат Ғалымжанқызы қатысты.
Бүлдіршіндердің Отанға деген сүйіспеншілігін, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеумақсатында ұйымдастырылған кеш барысында бүлдіршіндер еліміздің Әнұранын хормен орындады. Ата заңымыздың тарихы, оның маңызы түсіндірілді. Балалар «Кім тапқыр» ойынын ойнап, Мемлекеттік рәміздердің суретін құрастырып, оған түсініктеме берді. Жиын соңында «Ата заң – ардағым» атты кітап көрмесіне шолу жасалды.
Г.ӘЛИЕВА,
ОБКЖ №6 кітапхана бөлімінің меңгерушісі