Елімізде 40 градусқа дейін ыстық болады

Елімізде 40 градусқа дейін ыстық болады

Қазақстанда 20-22 шілдедегі ауа-райы болжамына сәйкес 40 градусқа дейін аптап болады. Бұл жөнінде Қазгиромед мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі

Синоптиктер болжамына сәйкес, фронтальдық бөлімдердің ықпалымен республика бойынша өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Кей жерлерде екпінді жел, оңтүстік пен батыста шаңды дауыл байқалады. 21 шілдеден бастап елдің солтүстік, солтүстік-батыс бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, онда жауын-шашынсыз жылы ауа райы келеді.

«Батыста ауа температурасы түнде +20+25, күндіз +33+41 градус, республиканың солтүстігінде ауа температурасы түнде +10+18, күндіз термометрдің бағандары +23+35 градус, солтүстік-батыста түнде +12+25, күндіз +25+40 градус, елдің орталығында және шығысында ауа температурасы түнде +10+21, күндіз +25+35 градус ыстық болады», - делінген хабарламада.

Ал Қазақстанның оңтүстігінде мен оңтүстік-шығысында түнгі температура +13+25°С күндіз +30+40 градусқа дейін аптап күтілуде.