Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ халық арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы бірлескен бұйрық шықты, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Еліміздің әр аймағындағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаржы ұйымдары төмендегідей тәртіпте халыққа қызмет көрсетеді:
- «қызыл» аймаққа – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 40 % (қырық пайыз) қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 60% (алпыс пайыз) қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін;
- «сары» және «жасыл» аймақтарға – халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 30 % (отыз пайыз) қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% (елу пайыз) қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін;
Бұйрыққа сәйкес мына нысандардың жұмыс режиміне өзгерістер енгізіледі:
1. Екінші деңгейдегі банктер, Қазақстан Республикасы бейрезидентбанктерінің филиалдары
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясының негізінде қызметін айырбастау пункттері арқылы ғана жүзеге асыратын заңды тұлғалар
3. Ипотекалық ұйымдар
4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, Қазақстан Республикасы бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары
5. Сақтандыру брокерлері, Қазақстан Республикасы бейрезидентсақтандыру брокерлерінің филиалдары
6. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар
7. Микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар
8. Төлем ұйымдары
9. Коллекторлық агенттіктер
Бұйрыққа сәйкес, 2021 жылғы 19 қаңтардан бастап осы субъектілер қызметтерді барынша онлайн-режимде көрсетуді қамтамасыз ету керек.
Бірлескен бұйрықтың толық нұсқасы Қаржы нарығын реттеу
және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланды.