Елімізде ҰБТ алғаш рет онлайн өтіп жатыр

Елімізде ҰБТ алғаш рет онлайн өтіп жатыр

Шымкент қаласындағы физика-математика бағыттағы НИШ-тың 9 «Е» сынып оқушысы Зейна Бижанова Халықаралық ғылым фестивалінде ІІ орынға ие болды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Зейна байқауға лингвистика секциясы бойынша «Заманауи интернет жанрлары» жұмысын ұсынған. Ол өз жұмысында бүгінгінің өзекті мәселесі – Интернет желісінің заманауи жанрларын, олардың тілдік ерекшеліктері мен сөйлеудің стилистикалық фигураларының рөлі тақырыбын талдайды.

Автордың пікірінше, интернеттегі жаңа жанрлардың пайда болуы және олардың артуы аудиторияға әсер етудің құрал-әдістері жиынтығын едәуір кеңейтіп, желі қолданушыларының сөйлеу мәдениетіне үлкен әсерін тигізеді.

– Тақырыптың өзектілігі – айқын эмоционалдылыққа ие бұл тілдік қабаттың уақыт өткен сайын біздің сөйлеуімізге ықпал етіп, тілдік қолданысымызға етене енуінде. Алдымызда осы жаңа жанрлардың тілдік және стилистикалық ерекшеліктерін анықтау және оларды сауатты пайдалану проблемасы тұр, – деп атап өтті жоба жетекшісі Ақмарал Ермекбаева.