Елімізде Экологиялық жастар театры ашылады

Елімізде Экологиялық жастар театры ашылады

Елімізде Экологиялық жастар театрын ашылуы мүмкін, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

- Жастардың экологиялық сауаттылық деңгейін арттыру – бүгінгі күннің өткір тақырыптарының бірі. Бұл бағытта, министрлік тарапынан жүйелі жұмыстар легі атқарылып келеді. Биылғы 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында ел бойынша 80 мыңнан астам жастар өкілін қамтыған «Киелі табиғат» республикалық экологиялық жобасы іске асты,- деді Аида Балаева.

Министр бұл бағытта негізінен ақпараттық-ағарту жұмысына баса назар аударылатындығын баса айтты.

- Алдағы уақытта Экологиялық жастар театры мен арнайы YouTube-арна ашу жоспарда бар, - деді ол.