Елімізде малшылар күні пайда болуы мүмкін

Елімізде малшылар күні пайда болуы мүмкін

Қазақстанда жаңа кәсіби мереке – Малшылар күні пайда болуы мүмкін, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қаулы жобасын ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі әзірлеген.

«Ашық НҚА» порталында жарияланған қаулы жобасына берілген түсіндірмеге сәйкес, Малшылар күні мерекесін маусымның екінші жексенбісі атап өту көзделген.

- Қаулы жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қаржылық шығындарға әкеп соқпайды. Қаулы жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе саяси-құқықтық және өзге де салдарларды болжамайды.

Жобаның мақсаты елімізде малшылар күні мерекесін бекіту, сондай-ақ сала жұмыскерлерінің беделін арттыру, салада қол жеткізген жетістіктері үшін оларды көтермелеу болып табылады, - делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми мәлімдемесінде.

Құжат биылғы жылғы 5 мамырға дейін талқылауға ұсынылған.