Елімізде ПТР-тест бағасы арзандады

Елімізде ПТР-тест бағасы арзандады

Елімізде коронавирусты анықтауға ПТР-тест бағасы арзандады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Ведомство Қазақстанның клиникалық-диагностикалық зертханаларымен тиісті келісім жасасты.

- 2021 жылдың ақпан айындағы жағдай бойынша реагенттерді сатып алуға ағымдағы шығындарды талдау базалық нарық субъектілерін бағаны 9 мың теңгеден 7 мың теңгеге дейін арзандатуға шақыруға мүмкіндік берді. Олимп "КДЗ-да - 6 500тг (тағы 700 теңге), "INVIVO" ЖШС-де - 6 500 теңге (тағы 1 000 теңге). Бағасының арзандағаны пайдаланылатын реагенттердің сапасына әсер етпейді, - делінген хабарламада.

Зерттеу бағасы анализаторлар паркін кеңейту, жаңа ПТР зертханаларының қуатын арттыру және өндірістік процестерді оңтайландыру арқылы төмендеді.

Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан нарығында COVID-19-ға ПТР-тестілеуді 36-ға жуық компания өткізеді, бұл ретте негізгі нарықтық үлесті үш «ОЛИМП" КДЗ», «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК және «INVIVO» ЖШС алады.

Айта кетейік, Ұлттық сараптама орталығында ПТР-тест бағасы қазір 8 025 теңге. Естеріңізге сала кетейік, бұдан бұрын ПТР-тест бағасы төмендеген. Бастапқыда баға диапазоны 18 000 теңгеден 11 500 теңгеге дейін құбылып тұрды. Бұдан әрі тест бағасы 2020 жылғы қазанда нарық бойынша орташа есеппен 9 000 теңгеге дейін төмендеді.