Қазақстанда коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациядан кейін сертификаттар қағаз түрінде беріледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat baq.kz сайтына сілтеме жасап
Бұл Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген.
ҚР БМСД №3 қаулысына 1-қосымша мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. КВИ-ға қарсы вакцинацияны жүргізуге тартылған медициналық ұйымдар:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес талап ету бойынша қағаз нұсқасы Қазақстан Республикасында жүргізілген КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтаманы 2021 жылғы 1 маусымынан бастап береді;
2) шетелдік азаматтарға осы Әдістемелік ұсынымдарға 5-қосымшадағы нысанға сәйкес талап ету бойынша қағаз тасығышта Қазақстан Республикасында жүргізілген КВИ-ға қарсы вакцинация туралы анықтаманы 2021 жылғы 1 маусымынан бастап береді;
3) мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуді ұйымдастырады»