​Еліміздегі туу көрсеткіші жоғары өңірлер анықталды

​Еліміздегі туу көрсеткіші жоғары өңірлер анықталды

Қазақстанның 6 өңірінде туу көрсеткіші жоғары, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

2020 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығындағы деректер бойынша елімізде 425,6 мың сәби дүниеге келді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 22,6 мың адамға көп.

Былтыр қалалық жерлерде туғандар саны 248,7 мың, ауылдық жерлерде - 176,9 мың адам болды. Барлық туғандардың жартысынан көбі елдің 6 өңірінде тіркелген: Түркістан (14,4%), Алматы облысы (12,7%), Алматы (8,3%), Шымкент (7,4%), Нұр-Сұлтан (7%) қалаларында және Жамбыл облысында (6,9%) тіркелген.

1 000 адамға шаққандағы туу санын көрсететін туудың жалпы коэффициенті 2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда 1000 адамға 22,40 туғандарды құрады. Бір әйелдің бүкіл репродуктивті кезеңінде туатын балалар санын көрсететін туудың жиынтық коэффициенті 2020 жылдың 12 айындағы алдын-ала деректер бойынша бір әйелге 3,12 баланы құрады.

Фото: ашық дереккөз