Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі трассалардағы қозғалыс шектеулері алынып тасталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бүгін Тараз – Шымкент жолындағы көлік қатынасы қайта қалыпқа келді. Алайда қатты желдің салдарынан Қордай-Благовещенка трассасы (жаңа асу – бетонка) жабылды. Қазір қозғалыс ескі асу (Қордай – Отар) бойынша жүргізіледі.
Бұдан бөлек Түркістан облысында 24 қаңтарда сағат 08.45-те «Алматы – Ташкент – Термез» автожолы бойынша қозғалыс ашылды.
Қызылорда облысы, «Самара – Шымкент» автожолы, 1912-2057 км, Бәйгеқұм кентінің учаскесі – Түркістан облысының шекарасы сағат 05.25-тен бастап көлік қозғалысына рұқсат берілді.
Айта кетейік, күні кеше ауа райы қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар және біршама ауыл-аймақты жалғайтын тасжолдар жабылған болатын.