Еліміздің тағдыры өз қолымызда

Еліміздің тағдыры өз қолымызда

Қазір елімізде үлкен саяси науқан өтіп жатыр. Осы жолғы Президент сайлауы еліміздегі дамудың жаңа белесіне айналмақ. Осыған орай ана ретінде, әйелдер кеңесінің төрайымы ретінде Шымкент қаласында тұратын барлық аналарды, сіңілі-әпкелерімді сайлауға бір отбасындай қатысып, өздеріңіз таңдаған кандидатқа дауыс беруге шақырамын.

Біз ана болғандықтан балалардың, болашақ ұрпақтың қамын көбірек ойлаймыз. Жас ұрпақтың өз елі, өз жерінде тыныштық, бейбітшілік пен молшылықта, өркениетті, демократиялы қоғамда өмір сүргенін қалаймыз. Сол үшін барлықтарыңызды өз еліміздің тағдыры өз қолымызда екенін көрсетіп, дауыс беруге шақырамын. Біздің даусымыз Қазақстанның болашақ тағдырына әсер ететіні сөзсіз.

Баян ЖАНДОСОВА,
Шымкент қалалық әйелдер кеңесінің төрайымы.