Емхана жанынан ашылған жаңа хирургиялық күндізгі стационарда отаның 60 түрі жасалады

Емхана жанынан ашылған жаңа хирургиялық күндізгі стационарда отаның 60 түрі жасалады

Шымкенттегі №4 емхана дәрігерлері хирургиялық оталарды енді өздері жасайды. Бұл үшін емхана жанынан амбулаториялық хирургияның күндізгі стационар бөлімі ашылды.

Бір ерекшелігі №4 емхана жанынан ашылған бұл хирургиялық күндізгі стационарда амбулаториялық деңгейдегі 60-қа жуық отаның түрі жасалады. Мұнда дәрігерлер қаладағы өзге де емханадағы пациенттерді портал бойынша қабылдап, хирургиялық көмек көрсетуге мүмкіндігі бар. Күндізгі хирургиялық бөлімшені ашудағы басты мақсат - отаны қажет ететін науқастардың кезек күту мәселесін азайту дейді мамандар.

Хирургиялық күндізгі стационар ота жасайтын құрал жабдықтармен және күндізгі төсек орындармен толықты. Сонымен қатар УДЗ, холтер кабинеттері де жаңартылған. Білікті дәрігер өз қабылдауында науқастардың жүрек, қан-тамырларын тексереді. Тексеруден өткен соң тиісінше емдік көмек көрсетіледі. Бұл кабинет толық кардиостандартқа сәйкес жұмыс атқарады деп жоспарлануда. Осылайша қалалық кардиология орталығында кезек күтетін тұрғындар саны азаймақ.