Енді көлікті «Каспий» қосымшасы арқылы рәсімдей аласыз

Енді көлікті «Каспий» қосымшасы арқылы рәсімдей аласыз

Енді қазақстандықтар автокөлікті Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы да қайта рәсімдей алады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Ол үшін Kaspi.kz қосымшасына кіріп, «Госуслуги» бөліміне өтесіз. Одан кейін «Переоформление автомобиля» бөлімін таңдайсыз. Оның ішінде сатушы мен сатып алушыға арналған бөлек бөлімдер бар.

Бұл қызметті пайдалану үшін ЭЦҚ қажет емес. Құжаттарға арнайы Kaspi қолтаңбасының көмегімен қол қойылады.

Көлікті есептен шығарғанда қызмет қандай да бір шектеулердің, төленбеген айыппұл не салық қарыздарының бар-жоғын тексереді. Егер қарыз бары анықталса, оны сол қосымша көмегімен бірден төлеуге болады.

Автокөліктің бағасы да қосымшада көрсетіледі. Сатып алушы ақшаны арнайы шотқа аударып, баж салығын төлейді де, нөмір таңдайды. Қайта рәсімдеу аяқталған соң, қаражат сатушының картасына түседі. Көліктің жаңа иесі құжаттары мен нөмірін мамандандырылған ХҚКО-дан алады.