Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары, генерал-лейтенант Мұрат Бектанов әскери қызметкерлермен өткен онлайн конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat.kz
– Біз тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін тәжірибені алып, машықтандық. «Электронды үкіметтің» деректер базасымен жұмыс жүргізіп, азаматтарды әскерге SMS-хабарлама арқылы шақыртуды қолға алудамыз. Бұл біз үшін де, отан алдындағы борышын өтеуші азамат үшін де қолайлы, - деді Мұрат Бектанов кеңейтілген отырыста.
Айта кетейік, өткен жылы COVID-19 пандемиясына қарамастан, 34 мыңға жуық азамат әскерге шақырылып, жасақ қатарын толықтыруға байланысты барлық мәселелер оң шешімін тапқан.
Фото: ашық дереккөз