1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге орай қоғамдық көліктерде балалар тегін тасымалданады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл үшін 18 көлік компаниясы 71 бағытта, 782 кестемен жолаушыларға қызмет көрсетеді.
Мұндай науқанды балалар үшін Шымкент қаласы әкімдігі ұйымдастырып отыр.
Айта кетсек, қоғамдық көлікте жүрудің ережесіне сай, қалада 7 жасқа дейінгі балалар тегін тасымалданса, 7 мен 15 жасқа дейінгі балаларға 50 пайыз жеңілдік жасалған. Ал, 15 жастан жоғары балалар мен студент жастар 50 теңге төлейді.
Қалада электронды билет жүйесі енгізілгелі бері «TOLEM» картасын 56 мың оқушы мен 1950 студент алып, тарифіне сәйкес жолақысын төлеу үстінде.