Ертең Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтеді

Ертең Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтеді

5 маусым - Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай жыл сайынғы «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық акциясы аясында Шымкентте сенбі күні жалпықалалық сенбілік өтеді.

Іс-шара қоршаған ортаның ластану проблемасына, өлкеміздің табиғатын сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына жұртшылықтың назарын аударуға мүмкіндік береді.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін мерекелеудің мақсаты- айналаны қоқыстан тазартудан басталатын дәстүрді қалыптастыру болып табылады.

Осыған орай баршаңызды қала тазалығы үшін сенбілікке белсене атсалысуға шақырамыз.