«Ескі қалашық» аумағындағы 15 үй сүрілді
Қазіргі таңда аталған нысан бойынша мемлекет мұқтажы үшін алынған 15 үй толығымен сүрілді. Жобада Әйтеке би көшесімен ұзындығы 600 м жол асты өткелі (тоннел) бөлігі қарастырылған. Бірінші кезекте құрылыстың негізгі жұмыстарын (тоннел қазу) бастау үшін Әйтеке би көшесі бойындағы нысандарды мемлекет мұқтажына қайтару қажет.
Құрылыс аумағына түсетін жер телімдері уақтылы мемлекет мұқтажына алынған жағдайда жолдың құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Қала әкімі сала басшыларына тұрғындардың үйін алу кезінде олардың талап-тілегі ескерілетіндей болу қажеттігін айтты.