Шымкент қаласы Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Игі істер марафоны» жобасының экологиялық аптасы аясында қаламыздың тарихи орнына сыр шертетін Ескі қалашықта тазалық жұмыстары жүргізілді.
Мақсаты – жастарды ізеттілікке, парасаттылыққа баулу және де бәрімізге ортақ қаламыздың тазалығы мен мәдениеттілігін сақтай отырып, осы игі іс-шараны жастар арасында насихаттау.
Тазалық жұмыстарына “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің қызметкерлері, «Jasyl el» еңбек жасағының жастары және қаламыздың 50-ге жуық ерікті жастары қатысты.
Тазалық акциясы аясында Ескі қалашықтағы ағаш, бұталар ретке келтіріліп, түптері әктелді, сондай-ақ, орындықтар мен қоршаулар сырланып, арық-атыздар мен өзгеде қоқыстан тазарту жұмыстары жүргізілді.
«Шымкент келбеті»