​Газ компрессорлық станциясы сәуір айында іске қосылмақ

​Газ компрессорлық станциясы сәуір айында іске қосылмақ

2020 жылы Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктерді жаңарту мақсатында метан газымен жүретін 590 автобус алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Аталған автобустарды газ-метанмен қамтамасыз ету мақсатында қала аумағында газ толтыру компрессорлық станцияларын салу жоспарланған.

Бұл ретте отандық инвестор «АГНКС Қазақстан» ЖШС-мен келіссөздер жүргізіліп, газ станциясын өз есебінен салу келісілген. Инвестицияның көлемі - 2 млн АҚШ доллары.

Бүгінгі таңда нысанда метал конструкцияларын орнату, инженерлік желілерді өткізу және құрылғылардың монтаж жұмыстары жүргізілуде. Газ компрессорлық станциясын биыл сәуір айына дейін іске қосу жоспарлануда.